Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада үш ер адам жезөкшелікпен айналысқан

12.09.2022, 15:15 258

HALYQLINE.KZ

7-9 қыркүйек аралығында облыс бойынша «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс аумағында адам саудасына байланысты 4 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 1-бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі және 3-еуі – жеңгетайлықпен айналысу фактісі.

Рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орында ұстағаны үшін 43 құқық бұзушыға әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін 4 азамат ҚР ӘҚБтК-нің бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 11 адам есепке алынды, олардың біреуі жеңгетайлық үшін, қалғандары жезөкшелікпен айналысқаны үшін, олардың үшеуі – ер адам.

Осы бағытта профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Фото: Unsplash

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: