Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада сотталғандарға арналған құқықтық көмек көрсету жәрмеңкесі өтті

17.01.2024, 15:40 107

ҚР Премьер-Министрдің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №142 өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының тармақтарын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының жергілікті және мемлекеттік органдарының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен жазасын өтеуші сотталғандарға құқықтық көмек беру жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Төлегенов Исламбек Тынарбайұлы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Шарипбаев Даурен Сактапбергенович, ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасарлары: Оразгелді Ұзақбай, Асадинұлы Жамбыл, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абубакировк Жаңыл Исақызы,«Еңбек-Қызылорда» филиалы директоры Кенжебеков Саруар Бегилдинұлы, ПД Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырыс жөніндегі аға инспекторы әділет майоры Жұманов Бағлан Алтынбекович, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қайруллаев Айдын Букенбаевич, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Дәулетбаева Жанар Жұмабекқызы, Облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Даулабаев Мейрбек Тилләбекұлы қатысты.

– Түзеу мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға құқықтық көмек өткізудегі мақсат – сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсету, сотталғандарды жеке сұрақтарымен қабылдау.Қазіргі таңда ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Бүгінгі іс-шара аясында 100-ге жуық сотталған өздерінің өтініштерімен, жеке сұрақтарымен мамандардың кеңесіне жүгінді. Оларды қабылдау барысында қылмыстық істері, жаза мерзімі бойынша неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру және құжаттандыру мәселелері, мекеме аумағынан кәсіп ашу, сотталғандардың арасында некеге тұру бойынша, денсаулық жағдайы, атқару парақтары жөнінде сұрақтарын қойды. Жазасын өтеушілерді мұқият тыңдаған сала мамандары жазасын өтеушілердің шешімін таппай жүрген сұрақтарына толыққанды жауап берді, – дейді ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы.

– «Бүгінгі жәрмеңкеде адам құқықтары жөніндегі уәкілге жеке сұрақпен жүгіндім. Сала маманы мәселемді шешу жолының шарттары мен тәртібін түсіндірді. Бұл жәрмеңкеге екінші рет қатысуым. Осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді. Себебі, менен өзге сотталғандардың сан сұрағына тек осы сала мамандары тұшымды жауап бере алады»,- деді сотталған азамат.

Іс-шара соңында ҚАЖ департаменті басшылығы осы бағыттағы іс-шара алдағы уақытта жазасын өтеушілерге тұрақты түрде өткізілетіндігін мәлімдеді.

Адина ҰЗАҚБАЙ,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: