Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерімен кездесті

08.07.2022, 10:06 164

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен Қызылорда облысы бойынша  қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің жеке құрам қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Кездесуде департамент қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтіп, қызметкерлерге парасаттылық пен адалдық принциптерін кеңінен насихаттады.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларын бөлісті.

Өз кезегінде Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі – ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар бойынша қысқаша хабарлама жасады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: