Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі мәжіліс өтті

03.04.2023, 10:30 199

HALYQLINE.KZ Өткен аптада  Қазалы және Арал аудандарында  кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімдері, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі  Амитов Шамшидин,  аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары мен мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп психологтары қатысты.

Отырыста осы жылы аудан көлемінде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық профилактикасы, олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына және жасөспірімдер арасында топтық төбелестер бойынша атқарылған жұмыстардың тиімділігі, сондай-ақ  алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар талқыланды.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин  баланың теріс іс-әрекетіне тек полиция немесе білім ұйымдары емес, ата-ана, бүкіл қоғам жауапты екендігін баса айтты.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жанұялардың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, атқарылатын іс шараларды жыл көлемінде жүйелі түрде жалғастыруды, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейнекамералар орнату, жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қою мәселелерін қадағалауға алу жөнінде ескертті.            

Жиын барысында тиісті сала  мамандары баяндама жасап,  күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылатын  іс-шаралардың ұйымдастырылу тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: