Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық көліктерде заң талабының орындалмауы анықталды

14.06.2023, 18:30 170

03.03.2023ж. бастап Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» заңына (04.07.2003ж. №476) енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді.

Заңмен азаматтардың жекелеген санаттары үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне қатысты түзетулер енгізілген.

Заңның 20-бабы 1-тармағының 13-тармақшасында әлеуметтік маңызы бар қатынастарда, сондай-ақ жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауларда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар екендігі көрсетілген.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың жалпы саны  – 3623,  бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар саны-1198, 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың саны 17 934-ті құрайды.

Қазіргі таңда қала аумағында Қызылорда қалалық мәслихаты мен Қызылорда қалалық әкімдігінің «Қызылорда қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы» бірлескен №1040  қаулысы және №182-25/1 шешімімен  Қызылорда қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына, яғни бірінші және екінші топтағы көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға  ғана тегін жол жүру белгіленген.

Қала прокуратурасымен жоғарыда көрсетілген заң талабының орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы қала әкіміне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: