Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚАЖ қызметкері жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді

20.04.2023, 10:50 385

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Режим тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет подполковнигі Наурызбаев Бақыт Абибуллаұлы – оқытушылық қызметті өз қызметімен қатар алып жүрген білімді де білікті маман. Ол ішкі істер саласында 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Оның ішінде ҚАЖ саласында 10 жылға жуық басшылық қызметтерде, оның ішінде департаменттің бірнеше қызмет салаларында, қалалық пробация қызметінде басшылық қызметтерді және мекеме бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қызмет атқару барысында ол 2018-2020 жылдары аралығында «ғылыми-педагогикалық бағыты» бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын тәмамдап, заң ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды. Білімі мен біліктілігін ұштастырған әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаев Қызылорда Ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде аға оқытушы, ол құқықтану мамандығындағы шәкірттерге заман талабына сай білім сондай-ақ тәжірибемен ұштасқан оңтайлы қызмет етуді, жалпы әлем өркениетінің жаңалығын еркін біліп, еркін игере де, қолдана алатын жас ұрпақты Ішкі істер органдарының болашақ мамандарын тәрбиелеуде.

17.04.-20.04.2023 ж. Қызылорда Ашық университеті «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінде «Білім беру жүйесіндегі заманауи ғылым мен инновацияны дамыту: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресей ІІМ-нің ведомствалық академиялары, Өзбекстан Республикасы ғалымдары қатысып, ғылым саласының түйткілді мәселелерін ортаға салды.

Іс-шараны отставкадағы полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, СССР және ҚР ІІМ-нің құрметті қызметкері Бижигитов О–Р Байкенженович ашып, құқық қорғау саласы бойынша өзінің көрегендік ойлары мен ғылымның дамуы жолындағы бағыттары бойынша сөз сөйлеп қатысушаларға бағыт-бағдар жолданды.

Осы конференцияда заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Бақыт Абибуллаұлы «Қоғамның рухани қауіпсіздігі» тақырыбындағы ғылыми мақаласымен таныстырды.

«Ел болашағының жарқын болуы білімді, жан-жақты тәрбие алған жас ұрпақтың қолында. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, тәжірбиемен ғылымды ұштастырған кезде жоғары нәтижеге жетеміз», – дейді әділет подполковнигі Б.Наурызбаев.

Дана Достанова,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер:
  • Өнер-білім бар жұрттар
    Тастан сарай салғызды.
    Айшылық алыс жерлерден
    Көзіңді ашып-жұмғанша,
    Жылдам хабар алғызды.

    Аты жоқ құр арбаны
    Мың шақырым жерлерге
    Күн жарымда барғызды.
    Адамды құстай ұшырды,
    Мал істейтін жұмысты
    От пен суға түсірді;
    Отынсыз тамақ пісірді
    Сусыздан сусын ішірді.

    Теңізде жүзді балықтай,
    Дүниені кезді жалықпай,
    Білгендерге осылар –
    Бәрі-дағы анықтай,
    Білмегенге таңықтай.

    Біз де бекер жатпалық
    Осыларға таныспай.
    Ат өнері білінбес,
    Бәйгеге түсіп жарыспай.

    Желкелдеп шыққан көк шөптей,
    Жаңа өспірім достарым,
    Қатарың кетті-ау алысқа-ай.
    Ұмтылыңыз қалыспай!
    Біз надан боп өсірдік
    Иектегі сақалды.

    «Өнер – жігіт көркі» деп
    Ескермедік мақалды…
    Біз болмасақ, сіз барсыз,
    Үміт еткен достарым,
    Сіздерге бердім батамды!

    // Ыбырай Алтынсарин – Өнер-ғылым бар жұрттар

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: