Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан ІІМ: кейінгі күндері Ресейдің 40 мың азаматы Қазақстан арқылы өзге елдерге кеткен

26.09.2022, 15:40 260

HALYQLINE.KZ

Қыркүйектің соңғы күндері Қазақстан арқылы Ресейдің 40 мыңға жуық азаматы өзге елдерге кеткен. Негізгі бағыттары – Қырғызстан мен Өзбекстан.

Бес күн ішінде Реесйдің 6 мыңға жуық азаматы Қазақстан әуежайларынан шетелге ұшқан. Бұл жөнінде көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Аслан Аталықов брифинг кезінде айтты.

Брифинг спикерінің мәліметінше, Қазақстанға 21 қыркүйекке дейін күніне 9-12 мың адам келген, ал 22 қыркүйектен бастап келушілер екі есе көбейген. Ішкі істер министрлігі өкілінің сөзінше, Қазақстаннан күн сайын 15-17 мың адам күнделікті шаруаларымен Ресейге өтеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанға 4,3 миллион шетел азаматы келген. Оның 1,7 миллионы (39%) Ресейден, 1,5 миллионы (34%) Өзбекстаннан; 547 мыңы Қырғызстаннан, 200 мыңнан астамы Тәжікстаннан, 53 мыңы Беларустан, 68 мыңы Түркиядан, 43 мыңы Германиядан жеткендер. Осы аралықта Қазақстаннан 4,1 миллион адам шетелге кеткен. Оның 1,6 миллионы Ресей азаматы, 1,3 миллионы Өзбекстан азаматы, 540 мыңы Қырғызстан азаматы және 196 мыңы Тәжікстан азаматы.

«2019 жылы, яғни коронавирус індеті басталмай тұрғанда Қазақстанға Ресейдің 2 миллион 875 мың азаматы кірген. Ал биыл 9 айда – 1 миллион 600 мың ғана, яғни әлдеқайда аз», – дейді Аслан Аталықов.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қыркүйек басталғалы бері шетелдің 896 азаматы Қазақстанда тұрақты тұруды сұраған, оның 115-і – Ресей азаматы. Полиция профилактика іс-шарасын бастаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: