Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қашып жүрген Күдебаев ұсталды

27.04.2023, 11:15 438

HALYQLINE.KZ Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев Ыстамбұлда ұсталды.

Бүгін БАҚ беттерінде Алматы облысының ПД экс бастығы Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Белгілі болғандай, журналистердің Бас прокурор Берік Асыловтан Қүдебаевтың ұсталғаны туралы сұрағына ол «иә» деп жауап берді. Сондай-ақ, оның Қазақстанға жеткізілгені айтылды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық іздеуде жүрген Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасына кезінде «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген күдікке ілінді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: