Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыруға шақырады

19.01.2022, 15:00 428

HALYQLINE.KZ

Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялады. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады. Ұрлаған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және ҚР ӘҚБтК 482-бабы бойынша 25 АЕК айыппұл жауапкершілік көзделген.

Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Осыған байланысты Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі азаматтардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруын сұраймыз.

Нұрлан Қыдырәліұлы,

Қызылорда ст.ЖПб ӘПб АҚҚАБт инспекторы, полиция майоры

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: