Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Прокуратура биылдан бастап азаптау фактілері бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді

12.01.2023, 15:25 193

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен азаптау фактілерін алдын алу бағытындағы іс-шаралар мен сот тәжірибесін талқылау тақырыбында жедел мәжіліс өткізілді.

Жиынға Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Б.Мырзабаев және құқық қорғау органдарының басшылары мен жеке құрам қатысты.

Бас Прокурордың азаптау фактілерін тексеру бойынша 31.12.2022ж. №264 нұсқаулығы қабылданған.

Осыған сәйкес биылдан бастап азаптау туралы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексерілуі прокуратура органдарымен жүргізіледі. 

Жедел мәжілісте құқық қорғау органдарымен бірге осы жұмыстардың жүргізілу тәртібі мен іс-шаралары талқыланып, түсіндірілді.

Азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғау және жаңа нұсқаулықты орындау мақсатында қылмыстық қудалау органдарында және түзеу мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазірдің өзінде құқық қорғау органдарының ғимараттары мен тергеу орындары бейнебақылаумен толық қамтылған.

Осы техникалық мүмкіндік арқылы прокурорлар әрбір жағдайды тікелей бақылап, азаматтарымыздың құқығын қорғау мақсатында тиісті шаралар көре алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: