Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер аккумулятор ұрлығын ашты

11.07.2022, 17:00 215

HALYQLINE.KZ 8 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті 7 тұрғын аккумуляторларды ұрлау дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер жеңіл автокөліктерінен аккумуляторларын ұрлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 19-23 жастағы үш тұрғынын ұстады.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тергеу күдіктілердің басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар – жоғын анықтап жатыр.Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полицейлер азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарап, ұрылардың әрекетінен барынша сақ болуға шақырады. Автокөлікті арнайы дабыл белгісімен жабдықтап, күзетілетін қауіпсіз аумаққа қойған жөн екендігін ескертеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: