Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Музей қызметкерлері сотталған азаматтарға көрме өткізді

24.07.2023, 11:35 70

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу изоляторының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің С.Айтбаев атындағы көркемсурет галлериясы филиалымен бірлесе отырып, сотталған азаматтарға көрме ұйымдастырылды.

– Бұл іс-шараның ең басты мақсаты – сотталған азаматтардың ойын бөлу, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, сондай-ақ көрмеде көрсетілген әрбір картиналардың қалай салынғаны және көркем суреттер арқылы отанға, елімізге, жерімізге деген құрметтің, отбасы мен жақын адамдарға деген жылулықты ұмытпау керегін ұғындыру. Сондай-ақ, өлке тарихының тағылымын түсіндіру мақсатында өз саласын жетік білген білікті  мамандарды шақыртып, сотталған азаматтармен кішігірім ой сергіту сәтін  ұйымдастырдық. Іс-шара барысында сотталған азматтар өздеріне ұнаған картиналарымен жеке танысып, қажетті сұрақтарын сұрау арқылы музей мамандарынан жауабын алды, – деді АКАӘПТЖБ-нің бастығы, әділет капитаны Е.Романқұлов.

– Бүгінгі көрмеден Қызылорда өлкесіндегі тарихи қалалар туралы біраз мағлұматтарды естіп-білдік. Көрмедегі суреттердің бояуы қанық болғандықтан, бізге тым әсерлі болды. Көрмедегі тарихи орындар арқылы бейне бір  сол  ғасырлар  әлеміне барып келгендей болдық, – деп, баяндады сотталған өзінің көрмеден алған ойымен бөлісіп.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: