Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант» көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермейді

19.02.2021, 16:45 523

HALYQLINE.KZ

2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсаты – ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аймағында ҚР көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермеу және заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылардың жолын кесу болып табылады. Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімі қызмет ету аймағынан өтетін жолаушылар поездары мен теміржол вокзалдарында азаматтардың құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жүргізу барысында жеке басын анықтайтын құжатынсыз жүргені үшін Өзбекстан Республикасының бір азаматына қатысты Қазақстан Республикасының құқықбұзушылықтың алдын алу туралы 29 сәуір 2010 жылғы №272-IV санды заңына сәйкес құжаттар жинақталып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтау мақсатында Жалағаш аудандық сотының қаулысымен 30 тәулікке қамаққа алынды.

Сонымен қатар Көліктегі ПД-нің 2021 жылдың 1-тоқсанына арналған КҚҚБ жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында Қызылорда ст.ЖПб қызмет ету аймағында орналасқан теміржол станцияларында, әуежайларда, сондай-ақ қалааралық жолаушылар поездарында Қызылорда ст.ЖПб көші-қон тобы қызметкерлерінің қатысумен көші-қон заңнамасын және шетел азаматтарының жүріп-тұруы туралы қағидасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша  халықпен үнемі кездесулер өткізіліп тұрады.

Нұрлан  Қыдырәліұлы,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің

көші-қон қызмет тобының аға инспекторы,

полиция майоры

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: