Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант» іс-шарасы басталды

06.12.2021, 9:35 304

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет атқару аймағында 2021 жылдың 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аймағында Қазақстан Республикасында болу және шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, заңсыз көші-қонды ескерту, жолын кесу. Сондай-ақ, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елімізде болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау мақсаты көзделген.

Осы «Мигрант» арқылы көші-қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен қабылдаушы адамдар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктер, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылар анықталады.

Айғали  Бахытов,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің

көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция майоры

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: