Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекетке 25 млн теңге залал келген

29.04.2022, 15:00 268

HALYQLINE.KZ

2022 жылғы 15 ақпанда Қызылорда облысының прокуратурасы «Facebook» әлеуметтік желісінде мониторинг жүргізу барысында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 1 млрд теңгеге салынған 600 орындық мектептегі бұзушылықтарға қатысты жарияланым шыққанын анықтады.

Зерделеумен 2018 жылы тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы және мердігер «Ария-Жаңа Астана» ЖШС арасында аталған мектеп құрылысы бойынша 974,4 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалынғаны белгілі болды.

Облыс прокуратурасының тапсырмасы негізінде Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бұл нысанда тексеріс жүргізілді.

Тексеріс қорытындысы бойынша 25 млн теңгенің жұмыстары атқарылмай, мемлекетке залал келгені бекітілген.

Бұл факті бойынша 2022 жылғы 26 сәуірде облыс прокуратурасы тапсырыс беруші мен мердігерге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеп, оны жүргізуді Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүктеді.

Қызылорда  облысының  прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: