Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкердің құқығын қорғау керек

27.01.2023, 11:15 634

HALYQLINE.KZ Қармақшыда аудандық жыраулар үйінде кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау мақсатында арнайы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов және бірқатар мекеме басшысы мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиынның алғы сөзінде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы ауданда кәсіпкерлік саласының даму қарқынының жақсы екендігін айта келе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың барысына тоқталды.

Сонымен қатар, жиын барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлікке келтірілетін кедергілердің алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме берді.

Мұнан соң, ауданда кәсіпкерлік саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Өмірзақовтың баяндамасы тыңдалды.

Жиын соңында аудан кәсіпкерлері жеке кәсіптерін әрі қарай кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа несиелер алудағы кедергілер, кәсіпкерлік нысандарға тартылатын инфрақұрылымдар, жастарға арналған 2,5 пайыздық несие, жұмыссыз азаматтарға арналған грант және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Жандос Еркінбек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруында кәсіпкерлік саласының орны айрықша екендігін айтып, аудан кәсіпкерлеріне заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде қолдау көрсетілетінін және кез келген жұмыс уақытында қабылдауға дайын екендігін жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: