Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Іс-шара Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне арналды

25.07.2023, 10:40 193

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде Ш.Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл қарсаңына орай сотталғандар арасында іс-шара өтті.

Қазақтың ақын, жазушы, философ Ш.Құдайбердіұлының туғанына биыл – 165 жыл. Осыған орай өткізілген іс-шара барысында  сотталған азаматтарға ақынның өмірбаяны, түрлі тақырыпта ой тебіренткен өлеңдері және нақыл сөздері айтылып, видеоролик көрсетілді. Сондай-ақ, жазасын өтеушілер ақынның нақыл сөздерін  жатқа айтса, енді бірі өлеңдерін оқу арқылы бір-бірін шыңдады. Іс-шара соңында Ш.Құдайбердіұлы туралы бірнеше сұрақ жасырылып, жауабын жарыса айтты. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: