Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Фольгаға орап флешка өткізбекші болды

24.03.2023, 10:50 193

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын алды. 

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ  болған  егде  62 жастағы азаматша мекеме қамауында  отырған қызына флешка өткізіп бермекші болған.

Мекеменің қырағы бақылаушылары бұл егде жастағы әйелдің  әкелінген сәлем-сауқаттарын жіті тексеру барысында бауырсақ ішінен фольгаға оралған бір дана флешканы жасырып қойғанын анықтады.

Анықталған факт бойынша хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданған болатын.  

Бүгінде сот шешімімен ҚР ӘҚБ-481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алғашқы рет жасалынғандықтан,  әкімшілік ескерту берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: