Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Екі баланың өлімі: анасы ұсталды

05.04.2024, 17:35 66

HALYQLINE.KZ

Бұл оқиға 4 сәуірде болған.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде екі баланың мәйіті табылды.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2-4 жас аралығындағы балалардың денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қылмыс жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Іс Қарағанды облысының ІІД бастығының бақылауында», – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сурет ашық дереккөзден табылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: