Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алып жүрудің қажеті жоқ

13.02.2021, 9:00 546

HALYQLINE.KZ

Бұрын Қазақстанда жүргізушіге құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған болатын. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлаған болатын.

Естеріңізде болса, ел президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған. Ол заңның 2021 жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енетінін айтқан еді. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізушілік куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көліктерді басқарушыларға қатысы жоқ.

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген. Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау – заманауи технологиялық «сервистік полицияны» дамытуға бағытталған тағы бір қадам.

Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: