Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл ҚР Конституциясына 27 жыл толды

31.08.2022, 9:20 318

HALYQLINE.KZ Биыл ҚР Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толды. Маусым айының 5-і күні жалпыхалықтық референдумда Ата Заңның 33-бабына 16 тармақ бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, толық күшіне енген болатын. Атаулы күнге орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Әлмеш Баукен және Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы Кирилл Десятниченко Ата заңның негізгі қағидаларына тоқталып, заң аясында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

– Биыл Мемлекет басшысы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Соның негізінде республикалық деңгейде Орталық сайлау комиссияның құрамымен өңірлерді аралап, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жаңадан енгізілген Конституцияда жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындау, Конституциялық сот құру туралы арнайы заң қабылдады. Бұдан басқа, «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да әзірленуде. Аталған заңдарды осы жылдың соңына дейін қабылдау межеленген, – деді облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Әлмеш Баукен.

– ҚР жеке сот орындаушылар республикалық палатасы әлемдегі ең жас институттардың бірі. Қазіргі таңда республика аумағындағы барлық облыстарында жеке сот орындаушылар жұмыс істеуде. Жеке сот орындаушылардың негізгі мақсаты – сот шешімдерін, сот қаулыларын және басқа да құжаттарды орындау болып табылады. Бүгінде аймақ бойынша 80-ге жуық жеке сот орындаушы қызметкер бар. Осы ретте жыл басынан бері барлығы 267 872 атқарушы құжаты орындалып, 73 млрд теңгеден астам қаржы тиісті заң арқылы өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 44 мың атқарушы құжатқа артық орындалды, – деді Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы Кирилл Десятниченко.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: