Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас прокуратура «азаптауға бейім» полицейлерді алдын ала анықтауды ұсынды

06.06.2023, 18:00 106

HALYQLINE.KZ

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің ведомство аралық кеңесінде «полиция қызметкерлерінің адамды азаптауына жол бермеу мәселелері» талқыланған.

Кеңеске қатысқан бас прокурор орынбасары Болат Дембаевтың сөзіне қарағанда, 88 азаматқа тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданғаны үшін күш құрылымдардың 39 қызметкері жауапқа тартылған.

Бас прокуратура таратқан ақпаратта 88 азаматтың қай уақытта, қандай оқиғаға байланысты азапталғаны нақты көрсетілмеген.

Бұл мәліметке қарағанда, бас прокуратура полиция ғимараттары мен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мекемелерін тексеріп, 900 камераның жұмыс істемей тұрғанын анықтаған.

Осыған байланысты аумақтық полиция департаменттерінің, ҚАЖК және ІІМ орталық аппаратының 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Биыл 31 наурызда Бас прокуратура Қаңтар оқиғасына байланысты 11 қылмыстық істі тергеу аяқталғанын, 84 адамды азаптағаны үшін күш құрылымдардың 35 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, 9 адам бостандығынан айырылғанын мәлімдеген.

Қаңтар оқиғасы кезіндегі азаптаулар мен кісі өліміне байланысты істерде күш құрылымдардың ғимараттарындағы бейне камералардың «істемей қалғаны немесе жоқ боп кеткені» туралы ақпарат көбейген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: