Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ: Қырғызстанның бұрынғы премьерінің ұлы Алматыда изоляторда қамауда отыр

04.06.2026, 11:00 79

Қырғызстанның бұрынғы премьері Данияр Үсеновтің ұлы Урмат Үсенов заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру ісі бойынша күдіктілердің қатарында. Бұл жөнінде Kaktus.media жазды. Онымен бірге тағы үш күдікті – Қырғызстанның екі азаматы және Қазақстанның бір азаматы бар.

Тергеу болжамынша, олар қылмыстық топтың мүшелері ретінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан болуы мүмкін. Алматы қаласының мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары 26 млн теңге көлемінде шығын келді деп отыр. Бұған қоса, тергеу аясында құны 46 млн теңге болатын 1,6 тоннадан астам кальяндық темекі тәркіленген.

Наурызда Алматы соты күдіктілерді екі айға қамаған.

Урмат Үсеновтің әкесі Данияр Үсенов 2009-2010 жылдары Қырғызстанның премьер-министрі болған. 2010 жылы сәуір революциясынан кейін отставкаға кеткен. Кейбір БАҚ оның елден кеткенін жазған.

Фото: Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсенов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: