Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалардың құқығын қорғау – өте маңызды мәселе

07.06.2022, 16:30 422

HALYQLINE.KZ Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың басым бағыты.

Осы жылдың өткен мерзімінде қалалық прокуратурамен қадағалау аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында балаларды тасымалдау кезінде заңдылықтың сақталу жағдайына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесімен білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында бала тасымалдайтын автобустары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні, оның ішінде  өрт сөндіргіштер, алғашқы көмек жинағымен жабдықталмағаны, автокөліктер сары түстi жылтыр шағын маягымен қамтамасыз етілмегені анықталған.

Осы орайда облыстық білім басқармасына тапсырмалар беріліп, автокөліктер талапқа сәйкестіндіріліп 3009 баланың қауіпсіз жағдайда көліктермен тасымалдануы қамтамасыз етілді.

Бұған қоса қалалық прокуратурамен  білім беру ұйымдарында бюджет қаражатын мақсатқа сәйкес жұмсалуына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталған.

Атап айтқанда Қызылорда қаласында орналасқан «№5 көру қабілеті бұзылған арнайы мектеп интернаты» КММ-нің жауапты тұлғасы 4,9 млн теңге қаржысын артық шығыстағаны анықталған.

Бүгінгі күнде негізсіз шығысталған 4,9 млн теңге мемлекет бюджетіне қайтарылып, жауапты тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: