Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Армия сыбайлас жемқорлықсыз» онкүндік іс-шарасы өтті

27.02.2024, 11:40 517

«Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2024 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің барлық санаттағы әскери қызметшілеріне және ҚР ҚК қызметкерлері мен дәрігерлерге «Көктем-2024» мерзімді әскерге шақыру науқаны алдында өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу үшін, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының талаптары, ҚР Қылмыстық кодексінің 366 (пара беру), 367 (пара алу), 368 (парақорлыққа делдал болу), ҚР қылмыстық кодексінің 10, 15 және 18-тарау «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар», ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің негізгі талаптарында көрсетілген жауапкершіліктері жан–жақты жеткізіліп, профилактикалық іс-шаралары Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесімен жоғары деңгейде, сәтті орындалуда.

Жемқорлық – қоғам дерті. Қазіргі қоғамның кез келген саласында сыбайлас жемқорлық белең алуда. Жасыратыны жоқ бұл мәселе армияда да кездесіп жатыр. Соңының не боларын білмей, байыбына бармай мұндай құқықбұзушылықтарды жасауда. Айналамыздағы жандар опық жеп қалмауы үшін үнемі ашықтық пен адалдық турасында насихаттауымыз керек. Біз өз қатарымызды жемқорлықтан тазартуға міндеттіміз!

Әскери қызметшілер әскери борышын адал атқарып, Отанға шексіз адал қызмет етуі қажет! Ең алдымен өзі үшін, сонан соң алпауыттар арасында бой түзеген еліміздің кемел келешегі үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жойып, жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын құрып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажет. Жемқорлықтың салдарын саналы түрде түйсінуі керек.

Отандастарымызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсініп, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлауда мемлекеттік органдарға сенім артуға шақырамын!

Ашықтық пен адалдықты өзімізден бастайық!

Құқықбұзушылықсыз Қазақстанды бірге қалыптастырайық!

Бақтияр Дәуренқұлов,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі

әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: