Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтықтың түр-түрі бар…

22.01.2024, 11:50 110

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Тәртіп сақшылары қызылордалықтардан ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде өте қырағы және сақ болуды сұрайды.

Телефондар, компьютерлер және электрондық мұрағаттар сіз туралы көп нәрсені білуге мүмкіндік береді. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

Қазіргі уақытта келесідей алаяқтық түрі кең таралған: сізге ұялы телефон арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзің банк қызметкері немесе қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырады. Ол сіздің атыңызға біреу несие шығармақ деп сендіреді және бұл процесті тоқтату үшін сіз белгілі бір бағдарламаны жүктеп алуыңыз қажеттігін немесе құпия кодты, парольдерді, жеке деректеріңізді хабарлауды сұрайды. Сіздің тарапыңыздан бұл әрекеттер жасалғаннан кейін, алаяқ атыңыздан несие алады.

Сондықтан, егер белгісіз адам сізбен байланысқа шығып, өзін банк қызметкері ретінде таныстарса, тұтқаны қойып, аталған банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.

Егер сіз осы тектес қылмыстың құрбаны болсаңыз, тез арада 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: