Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімшілік айыппұл өндіруге бағытталған іс-шара жүзеге асырылуда

16.06.2023, 16:00 125

Қала аумағында уәкілетті мемлекеттік органдармен а.ж. өткен мерзімінде қала аумағында 26 230 іс бойынша 605,3 млн теңге айыппұл салынып, оның 434,6 млн теңгесі, яғни  71.80% өндірілген. Айыппұлдың басым үлесі 404 млн теңге полиция органдарымен және 196 млн теңгесі мемлекеттік кірістер органдарымен салынған.

Қазіргі таңда қалалық прокуратураның бастамасымен және уәкілетті органдардың қатысуымен әкімшілік айыппұлды мемлекет бюджетіне өндіру мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілуде.

Іс-шараның алғашқы күнінде: мемлекет бюджетіне 900 мың теңге өндіріліп, 1 автокөлік айып тұрағына қойылды.

Аталған іс-шара ұдайы түрде жүргізіледі және атқарылып жатқан жұмыстар қала прокуратурасының қадағалауында.

Осыған орай азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды өз уақытында төлеуді назара алу қажет.

            Қызылорда қалалық прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: