Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

900 жазасын өтеушіге 2 дәрігер мен 5 медбике қызмет көрсетеді

16.06.2023, 16:14 118

HALYQLINE.KZ

Медицина қызметкерлерінің жұмысы қызық әрі қиын. Қанша жыл жинаған білімін адамды құтқару жолында сарп ететін бұл мамандық иелері Қызылорда облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің № 60 мекемесінде де қызмет етеді. 900-ге жуық жазасын өтеуші азаматқа күнделікті көмек қолын созатын 2 дәрігер, 5 медбике бар. Мекемеге енді келген азаматтарға карантин бөлімінде бәрін алдын ала түсіндіру, ауыр науқастар болса жағдайын қадағалау, олардың денсаулығын бақылау да — осы мамандардың міндеті. Қиын жағдайда жатқан науқас болса, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті де медбикелер береді.

  • 20 жыл медбике қызметімде түрлі жағдай болды . Біздің жұмыста «8 сағат істедім, жұмысым аяқталды» деген нәрсе жоқ. Ауру деген күн – түнге, жыл мезгіліне қарамайды. Дәл қазір вирус жұқтырғандарды емдеп жатқан дәрігерлер сияқты үй бетін көрмей жұмыс істейтін кездер болады. Темір торға тоғытылған адамның денсаулығы сыр бергенде агрессия көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда медбике өзін қорғап тұрып, пациентке қалай көмектесу керек екенін білуі керек. Нұсқаулық бойынша дәрі-дәрмек алатын сотталғандардың дәрісін уақтылы ішуін де біз қадағалаймыз, — деді №60 мекеме медбикесі Эльмира Рахметуллақызы.

Мекемеде ем алып, тез жазылып кету үшін жазасын өтеуші азамат ең алдымен өзін емдеп жатқан дәрігер мен медбикелерге көмектесуі керек. Ол үшін маман тағайындаған емді қабылдап, берген кеңесін бұлжытпай орындауы қажет. Себебі, екі жақтан бірігіп істеген жұмыс ешқашан олқы болмайды.
Бұл мекеменің медицина мамандарына төзімділікті ту етіп ұстаған абзал жандар. Өзіне, денсаулығына қарамай, отбасынан кей кезде жұмысты алғашқы орынға қойып жатқан мамандарды мекеме басшылығы ерекше қолдау көрсетуде. Өйткені, бұл жақтағы мейірбике ісі – денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: