Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

543 млн теңге жымқырды деген күдікпен аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды

18.04.2023, 9:05 487

HALYQLINE.KZ

Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған теңгені жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып саналмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: