Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

22 миллион теңгеден астам қарыз дауы медиация тәртібімен аяқталды

18.03.2024, 8:25 88

HALYQLINE.KZ

Сот жүйесіндегі татуластыру рәсімдері дауларды бітімгершілікпен аяқтауға септігін тигізуде. Сондай азаматтық істерді бірі Қызылорда қалалық сотында қаралды. Талап қоюшы А. жауапкер Н.-дан 22035788 теңге мөлшерінде қарыз ақша өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.  

Істі қарау барысында татуластырушы-судья тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар өзара келісімге келіп, дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімге қол қойған.

Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға қарыз ақшаны әр ай сайын 200000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенді.

Татуластырушы-судьяның тәжірибелігінің арқасында ірі сомадағы қарыз дауы татуластыру рәсімімен реттеліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: