Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 млн теңгесін алдап алып қойған әйел қолға түсті

29.07.2022, 15:45 545

HALYQLINE.KZ 27 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментіне 51 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны алаяқтық ісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, азаматша «несие алып беремін» деп 550 000 тг көлемінде қомақты ақша алып, алдап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында, 48 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық)   бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: