Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ветеринариялық ұйымдар материалдық-техникалық жарақтармен қамтылды

22.08.2022, 16:00 102

HALYQLINE.KZ Осы жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға республикалық бюджет есебінен 6256,3 мың доза ветеринариялық препараттар қаралып отыр. Облысқа бөлінген 5259,3 мың доза (84,1%) ветеринариялық препараттар аудандарға таратылды.

Бекітілген 8 айлық жоспарға сәйкес жануарларға 4105,7 мың доза препарат егілуі қажет. Бүгінгі күні, 3416,2 мың доза алдын ала егіліп, жоспар 87,6% орындалды.

Бруцеллез ауруына қарсы 263,6 мың бас МІҚ, 467,9 мың бас уақ мал диагностикалық тексеріліп, 39 бас МІҚ (Жалағаш: Аламесек 2 бас, Таң 2 бас; Сырдария: Қалжан ахун 6 бас, Н.Ілиясов 5 бас, А. Тоқмағамбетов 20 бас; Шиелі: Жаңатұрмыс 2 бас, Талаптан а/о 1 бас; Жаңақорған: Өзгент 1 бас), 38 бас уақ мал (Арал: Қарақұм 1; Жалағаш: Қаракеткен 6; Сырдария: Айдарлы 20; Шиелі: Еңбекші 11) оң нәтиже көрсетті. Оң нәтиже болып анықталған ауыл шаруашылығы жануарлары ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы сойылуда.

6 түрлі энзоотиялық (МІҚ тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасцилиоз, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипаносомоз) ауруларға қажетті препараттар сатып алынып, қажетті препараттар жеткізілді. Қазіргі күні, бекітілген 8 айлық жоспар бойынша 483,4 мың бастан 472,0 мың бас алдын ала егіліп, жоспар 99,2% орындалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2022 жылға арналған бекітілген жоспарына сәйкес және бірдейлендіру деректер базасына тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін ашылған «Жасыл дәліз–3» арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Алдын ала дерек бойынша облыста бірдейлендіру жүргізілмеген 36531 бас (19565 бас МІҚ, 8405 бас уақ мал, 1442 бас түйе, 7119 бас жылқы) нақтыланды. Қазіргі күні,  70465 бас (26302 бас МІҚ, 19778 бас уақ мал, 2345 бас түйе, 95 бас шошқа, 21945 бас жылқы) бірдейлендіріліп, дерек қор базасына енгізілді.

Биыл 635,5 мың дана (111,4 мың дана МІҚ, 513,8 мың дана уақ мал, 9,1 мың дана түйе, 1,1 мың дана шошқа) құлақ жапсырмалары жеткізілді. Қосымша үстіміздегі жылға 94,9 мың дана (85,5 мың дана МІҚ, 9,4 мың дана түйе) құлақ жапсырмаларына ҚР АШМ-не тапсырыс берілді. Құлақ жапсырмаларының жеткілікті көлемі бар.

Осының нәтижесінде өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда төрт түлік мал басы 9% артып (МІҚ 9%, уақ мал 7%, жылқы 18%, түйе 7%) отыр.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылды.

Осыған байланысты, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан қағидалар бекітілді.

Қазіргі таңда, министірлік тарапынан әзірленген үлгілік қағидаларға сәйкес Қызылорда облысы бойынша да «Үй жануарларын ұстау және серуендету», «Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру» қағидаларының жобалары әзірленіп, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды.

Алдағы кезеңде қағидалар қолданысқа енгізіліп, нақты қаржылық бағдарламалар бекітілгеннен кейін аулау жұмыстары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсанындағы ҚР заңының 1-бабына сәйкес ветеринариялық ұйым, дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында ұйымдастырылатын болады.

Жоғарыдағы аталған үлгілік қағидалармен adilet.zan.kz порталы арқылы толыққанды танысуға болады.

Ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтануы жақсы деңгейде. 2021 жылы облыстық бюджеттен қаржыға көп  жылдан бері жаңартылмаған автокөліктер алғаш рет жаңартылып, 15 дана УАЗ автокөлігі берілді.

2022 жылға да ветеринариялық пунктерге 140 термочемодан және 140 компьютер жабдығы алынып берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: