Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

21.05.2025, 16:55 121

HALYQLINE.KZ

Кеше Ұлттық құрылтай құрамында ротация болды. Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова және математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дурвудхан Сұраган тартылды.

Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л.Тараков (дүниеден өтуіне байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдуақасов, М. Жабағин шығарылды.

ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов Ұлттық құрылтай құрылғалы бері оның құрамында болды. Ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйеніп, «Білім және Ғылым» секциясында техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруге қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың мазмұны бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша берген ұсыныстары, қажырлы қызметі үшін Қылышбай Алдабергенұлына қоғамның құрметі мен ризашылығы шексіз.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: