Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үздіктер марапатталды

14.06.2023, 17:55 114

​Кеше Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай аймақ басшысының жүлдесіне арналған дәстүрлі облыстық спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттады.​

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – 9 маусым аралығында өткен байрақты додаға қала мен аудандардан 25 команда және 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, 6 спорт түрінен өзара бақтарын сынады.​

Аса тартысты бәсекеде Қызылорда қаласы әкімдігі 1-ші топ бойынша жалпы командалық есепте 35 ұпай еншілеп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.​

Сүйікті шаһарымыздың намысын қорғаған сайыпқыран мемлекеттік қызметшілерге алғысын білдірген қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы «Мемлекеттік жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында өткен дәстүрлі ХХVIII спартакиадаға белсенді қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген командамыз спортта да озық екенін дәлелдеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы игі істеріңіз жалғасын тауып, ұлт саулығын қалыптастыра беріңіздер» деп, жүлделі үздіктерге арнайы алғыс хаттарды табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: