Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үздік аула – 2023» бауқауына өтінім қабылданып жатыр

29.06.2023, 10:40 170

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау алтыншы мәрте өткізілуде.

Байқау шартына биыл өзгерістер енгізіліп, жасыл-желекті көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo#Qyzylorda#Үздікаула2023 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет. Байқауға материалдар 19 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады. Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақтарды қалалық қоғамдық даму бөлімінің маманы Әсел Бақытбекқызынан 8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: