Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үлгілі елді мекен» байқауы өтеді

22.02.2023, 12:20 131

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 1 наурыз 1 шілде аралығында Қызылорда облысы бойынша «Үлгілі елді мекен» конкурсы ұйымдастырылмақ. Елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру мақсатында өткізілетін байқауда «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аудан орталығы» номинациялары берілмек. Әрбір номинация бойынша I, II және III орын жеңімпаздары анықталады.

Аудандық кезеңді ұйымдастыру бойынша Қазалы ауданы әкімінің өкімі шығарылып, сарапшылар комиссиясының құрамы жасақталды. Елді мекендерді көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары арнайы параметрлермен бағаланады. 1 наурыз-1 маусым аралығында аудандық кезеңнің жеңімпаздары анықталып, облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Облыстық конкурс 1 маусымнан 1 шілдеге дейін өткізіліп, конкурс қорытындысымен жеңімпаз елді-мекендерге арнайы техникалар табысталатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: