Бұл туралы Смайылов өзінің Facebook парақшасында жазды.
–Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Ата-аналар балаларының мектеп формасы мен аяқ киімдерін, оқу құралдарын түгендеу қамына кірісті. Алайда олардың бағасы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Әлбетте, баға саясатына әлемдік логистиканың қымбаттауы, шикізат пен қызметтердің құны тікелей әсер етеді. Бірақ Үкімет пен әкімдіктерде қазақстандықтар үшін қаржылық шығындарды жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдер бар. Бұл ретте, мен бірқатар шұғыл шараларды қабылдауды тапсырдым,- деді Премьер-Министр.
Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!