Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҮЕҰ арналған семинарлар өтті

04.10.2022, 16:40 284

HALYQLINE.KZ  29-30 қыркүйек күндері «Үкіметтік емес ұйымдар үйі» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен семинарлар өткізілді.

Аталмыш іс-шараға облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов және аймағымыздағы Үкіметтік емес ұйымдар оффлайн және онлайн (Zoom) байланыс арқылы қатысты.

Лекторлар қатарында «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Анар Изден, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ляззат Бактибаева, «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Түсмағамбетов, «Golden Qazagstan» ЖҚБ төрағасы Бақытбек Кенжебек болды.

Өз кезегінде спикерлер түрлі тақырыптар бойынша, оның ішінде: мемлекеттік сатып алу порталы, қоғамдық ұйымның қызметі, конкурстық ережелер, құжаттамалық талаптар бойынша өз кеңестерін берді. Семинар барысында қатысушылар сауалдары мен ұсыныстарын жолдап, жауаптарын алды.

Айта кетейік «ҮЕҰ үйі» ресурстық орталығының бұл бағыттағы түрлі іс-шаралары алдағы кезеңде де өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: