Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұжырымдамадан туындайтын міндеттер талқыланды

31.05.2022, 10:50 414

HALYQLINE.KZ  Сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары моральдық ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында «Antikor Ortalgy» сервистік орталығында облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамадан туындайтын міндеттер туралы кеңінен айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы қабылданған жаңашылдықтар және қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейтілгенін айтылды.

Бұдан бөлек, жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 154, 680 және 681-баптарында қаралған жауапкершіліктер бойынша түсініктемелер берілді.

Кері байланыс барысында комплаенс қызметін дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: