Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрмысқа шықпас бұрын…

16.06.2022, 11:40 193

Бүгінгі күнде қыздар арасында өзекті тақырып­қа айналған тұрмыс құрудың жо­лдары туралы сөз қозғайтын боламыз. Әлемде тұрмыс құратын қыздардың тең жартысы өз қорқынышын жеңбестен  жаңа  өмірге аяқ басатыны  жасырын  емес.  Бұл – зерттелген ақпараттардың бірі. Дәл сондай қазақ қыз­дарының да бүгінгі күні тұрмысқа шығуы бәсеңдеп бара жатыр. Бұрындары қазақ қыздары 18 жасқа келгенде келешегін ойлап, ақ босаға аттаудың қамын қарастыратын еді. Десек те, ол заманның қызда­рын бүгінгі арулармен салыстыру тым ерсі көрінетіні анық. Деген­мен бұрынғының қыздарына қарап бой түзесек, жаман болмасымыз  хақ. Ал, қазіргі жас қыздар тұрмыс құрудан неліктен қорқады екен?

Тұрмыс құруда қыз балалардың уайымы ата-ене қамы мен жолдасының көңілі екені белгілі. Оған қоса, қазір балалы болу да үлкен мәселеге айналған. Дәлірек айтсақ, бүгінгі жастар тұрмысқа дайын түрде шықпайды. Яғни, жаңа босаға аттағаннан кейін бірден балалы болумен қатар ата-анамен тұруды құпта­майтындар көбейген. Неге? Себебі, заман өзі солай жетелеуде және қыз тәрбиесімен айналысуда қателесіп келеміз. Қыздардың тұрмысқа шықпай тұрып өз үрейінен арылуына көп уақыттың қажеті шамалы. Бірақ әр кезең өз мезгілінде орындалады. Отба­сы құруға дайын­дығы  жоқ, қашқақтап, қорқатын көп қыздардың  біршамасы «кәрі қыз» деген  жаман атаққа ілінетінін білеміз. Осының әсерінен көп қыз дайындықсыз тұрмысқа шығатыны өтірік емес. Бүгінде қыз балалардың көпшілігі өзінің оқу деңгейін өсірмей, дамымай жатып тұрмысқа шығып жатады. Бұны құптарлықтай, не мақұлдамайтын дүние­ге де жатқызамыз. Өйткені біздің қазақ ерте тұрмыс құрса, «жассың, оқы, өмірің әлі алда» деп ақыл айтқандай боламыз да, асықпай жүріп, мансап қуса, «кәрісің, отырып қалдың» деуіміздің  мән-мағынасын  түсінбейміз.

Нәзік жандылардың тұрмыс құрудағы басты мәселелерінің басын ашып, мәнісін түсіндіретін қазір онлайн курстар жеткілікті. Ертеден жатжұрттық болатын қызды өсіп-өнген, көгерген жердің қызы немесе жеңгесі ұзататын болған деседі. Мағына­сында тұрмыс  құрған  қызға да оң қадам  болып, жұғысты болсын деген ниетпен. Ал, қазір кейбір ақылдысымақтар  адамнан  айласын асырып, көзіңді байлап алдап, қалта қағудан жасқанбайды. Тұрмысқа жол сілтейтін жеңгетайдың рөлін алаяқтар атқаратыны біздің жанымызды қынжылтады. Шындығында, олардың тұрмыстық жағдайы қандай екені беймәлім. Аңдатпасына айқара ашық тақырып қойып қалың халықтың, оның ішінде жас қыз­дардың ой-санасын улап, уақыты мен қаражатын жымқыруда ұялмайды өздері. Кей тренингтік курстарда тұрмысқа шығатын бойжеткендерді кері бағытқа жол сілтеу арқылы түсіндірмелер жүргізіледі. Тіпті, кейде курс барысы жалған болып та шығатыны бар. Бұндай жағдайға түскен жандар сотқа жүгіну арқылы қаражатын өндіріп ала алады. Ал осындай бағдардағы курстарға қатысатын бойжеткендердің мұқтаж екені анық нәрсе. «Олар не үшін бұндай өзге адамдардың түсіндірмелеріне зәру, анасының тәлімі қайда?» деген сауал туындамай қоймайды. Бұл  жөнінде  психо­лог  мамандарға  жүгінетініміз  айқын.

– Қазіргі таңда отау құрған көптеген отбасы ажырасып жатыр. Сонымен қатар, түрлі оқиғалардан хабардар болып жатырмыз. Екі жас қосылыпты, күйеуі  бүйтіпті, ұрыпты  немесе  әйелінің бар байлығын тартып алыпты деген адам естігенде үрейленетін түрлі жағдайлар болып жатыр. Бұлардың барлығы жас қыздарға міндетті түрде әсерін береді. Сондай-ақ, жақын туысқандарында болған көріністі  тамашала­ған қыздардың тұрмыс құруға деген құлшынысы жоғалатыны анық. Бірақ, бәрінде  бірдей деп айту қиын. Себебі әр адамның таңдауы мен психологиясы әртүрлі болып табылады. Ал, онлайн не офлайн түрде өтілетін қыздарға арналған кеңес­тер туралы курстар осындай психологиясы бұзылған, қорқынышы басым бойжеткендердің көз­қарасының өзгеруіне өте жақсы әсерін бере­ді деп ойлаймын. Өйткені ол курстар барысын­да қандай жігітті жолық­тыру керек, болашақ жарын өз идеа­лына сай таңдау туралы, соны­мен қоса ата-енемен қандай қарым-қатынас құру керек және тағы да басқа түрлі тақырыптағы тренинг­тер үлкен көмегін береді деп білемін, – деді  психолог-мотиватор  Жанар  ханым.

Осы тұрғыда еліміздің қыздарына дұрыс жөн сілтеп жүрген біршама әйел қауымы бар десек те болады. Солардың бірі – «Алматы әйелдер орталығы». Бұл – барлық тұр­мыстағы келіншектер мен бойдақ қыз­дардың және ажырасқан нәзік жанды­лардың түзу жолындағы қадам­дарына бірден-бір себепші болып отырған ұйым. Тұрмысқа  шығудағы  басты ниеттен бастап, отбас­ындағы  сезімдердің қалай сақ­талуына дейін  мотивациялық тренинг жүргізетін арнайы  жанашырлардан  құралған  орталық  деуге  болады.

– Біз тұрмыс құрғанға дейін ата-анамыз­ға ерке­леумен келгендіктен отбасында болатын көп ақпараттардан бейхабар боламыз. Мен есейе келе оның бәрін білуім керек деп ойладым. Сөйтіп, жан-жақты ізденіп, интернет­тен қарап, дәптеріме жаза бастадым. Кейін «Алма­ты әйелдер орталығының» бар екенін біліп, қатысуды көздедім. Курс бағасы да тиімді болды. Әрине, баста қорқыныш болды, «алданып қалмаймын ба?» деп. Бірақ, көп жандар мақтағандықтан  тіркелдім. Маған алғашқы сабағынан бастап ұнады. Менің білмейтінім көп екеніне көзім жетті. Сабақ 100 пайыз көңілімнен  шықты, – дейді онлайн-тренинг курсының қатысушысы әрі жерлесіміз  Ақмарал.

Иә, бұдан  да  бөлек курстардың  «атасы»  жетіп артылады. Деген­мен де көптің бірі  болып дараланған орталықтардың аздығы байқалады. Көпшіліктің сұранысымен  даму  үстіндегі  курстарға  бас­ты  мақсатта  құрылған  сабақтарының барысын  ұмытпай,  нәтижелі оқушыларды  тәрбиелеп  шығуын тілейміз. Қазіргі заман қыздарының өзгері­сі ата-ананың айтқанымен емес, осы курс барысымен  түзеліп  жатқандығын  көрудеміз. Мейлі, әйтеуір тәрбиеміз қалпында қалып, болашақ  келіндеріміздің  ізетті   болғаны  дұрыс.

Оразкүл  ТЕМІРҒАЛИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: