Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындарды жеке мәселемен қабылдады

01.03.2023, 12:10 204

HALYQLINE.KZ Кеше облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Ізімбетов қаламыздағы Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауда тұрғындардың басым бөлігі педагогтердің біліктілігін арттыру мен аттестациядан өтуі, жұмысқа орналасу, білім беру гранттары секілді мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, қала тұрғындары балабақшалардағы кезек мәселесін айтты. Басқарма басшысының орынбасары қабылдауға келген азаматтардың ұсыныс-пікірлері алдағы уақытта зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді.

Айта кетейік, тұрғындар басқарма басшысының немесе орынбасарының жеке қабылдауына әр аптаның бейсенбі күні 8708 837 69 79 байланыс нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: