Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тұлғаның дамуына қосқан үлес – оның болашағын жасайды»

26.05.2023, 13:05 196

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған жастар жыл басынан бері мәдени-көпшілік нысандар мен кітапханаларға барып, таным әлеуетін арттырып келеді. Кәмелетке толмағандар бойынша Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын  жасөспірімдер 24 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Т.Жүргеновке арналған кітап көрмесі аясында «100 жаңа окулық – заманауи білім бұлағы» тақырыбында өткен кітап көрмесіне қатысып,  рухани демалып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына тамаша әсер алды. Саяхат барысында жасөспірімдер кітапхана қорындағы жаңадан келіп түскен әдебиеттер, сирек және құнды кітаптар мен АРТ студия аясындағы түрлі үйірме жұмыстарымен танысты.

Есептегі азаматтарды жылы шыраймен қарсы алған кітапхана қызметкері оларға кітап көрмесімен таныстырып насихат пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша түсініктеме жүргізді.

Сонымен катар, сол күні балаларға рухани қолдау көрсетіп, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасау әрекеттеріне жол бермеу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейін аралатып,  еліміздің үш өңірінен келген «Алтын Адам» атты жылжымалы көрмесін тамашалауға мүмкіндік жасадық.

Ал 25 мамыр күні есептегі кәмелетке толмаған сотталғандарды және 18 бен 35 жас аралығындағы сотталған жастарды «Облыстық ресурстық жастар орталығында» өткен семинар-тренингке қатыстырып, бірнеше бағытта іс- шаралар жүргіздік.

Атап айтқанда, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ ойындары және спорттық іс-шаралары жастар мен жасөспірімдердің өмірге деген құлшынысын қайта оятып, коммуникациясының дамуына әсер етті. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Өйткені, әр тұлғаның дамуына қосқан үлес – оның болашағын жасайды.

Қызылорда қалалық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: