Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсті және қара металдарды жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша талаптар белгіленді

05.11.2024, 10:55 283

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №473 қаулысына сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттарды беретін уәкілетті орган болып табылатындығын хабарлайды.

Аталған қаулы ресми ағымдағы жылдың 9 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін бұл қызмет түрі басқармада заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың қалдығы және сынықтарын жинауға, сақтауға және қайта өңдеуге қатысты хабарламаларын қабылдау тәртібінде жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңның 1-бабының 91-тармағы 5) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен екінші санаттағы рұқсатты алуға немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті тоқтататыны туралы хабарламаны жіберуге міндетті екендігі көрсетілген.

Осыған байланысты, бұған дейін хабарлама жолдаған заңды тұлғалар уәкілетті органға, яғни басқармаға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:

1) «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығы;

2) «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін екінші санаттағы рұқсаттарды беру кезінде оларға сәйкестікті растайтын рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі №271 бұйрығы негізінде рұқсатты алуға өтінім немесе қызметті тоқтатындығы туралы хабарлама жіберуі қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: