Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйткілді мәселе шешімін тапты

18.01.2023, 9:15 52

HALYQLINE.KZ Шалғай ауылдардың өзекті мәселелері жыл сайын кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, бұған дейін Бекбауыл ауылдық округінің халқы Қазалы ауданына бару үшін Басықара каналын 3 шақырымнан аса айналып өтетін. Бұдан бөлек, қолайсыз ауа-райы кезеңінде айналма жолда көліктердің каналға құлау қауіптілігі де жоғары болды. Түйткілді мәселенің түйінін тарқату мақсатында ауыл халқының бастамасымен, жергілікті кәсіпкер азаматтардың қолдауымен бүгін ауыл тұрғындары үшін жаңа көпір пайдалануға берілді.

Тұрғындардың тілегін ескеріп, қауіпсіз жол мәселесін шешуге атсалысқан атымтай азаматтарымыз ауданымызға белгілі кәсіпкер Батыржан Ұзақовқа, кәсіпкер Ерғали Байболатовқа және ауыл тұрғындарына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ ауыз біршіліктің үлгісін танытып, болар істің басына біріккен Бекбауылдықтарды жаңа көпірдің пайдалануға берілуімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да бірлігі бекем болуын тілеймін. Ынтымақ атты ұғымды басты орынға қойған ауылдың несібесі мол болсын!

Құрметпен,

Арал ауданының әкімі С.Сермағамбетов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: