Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілдің кілті – Парламентте

02.04.2023, 15:00 219

HALYQLINE.KZ Қазақ тілінің, яғни мемлекеттік тілдің мәртебесі, қазіргі хәлі туралы жанашырлардың жазбағаны жоқ. Жазып жатыр, жазып жатыр, айтып та жатыр. Бірақ «баяғы жартас – бір жартас» , түкте байқалмайды.

Бұл – біздің Заңды, оның ішінде Негізгі Заңды жете білмейтініміздің көпе-көрнеу айғағы. Тілдің түп қазығы, діңгегі Конституцияда ғой. Бұл туралы профессор Т.Сайранбаев дұрыс айтты («Егемен Қазақстан» 27 қаңтар 1999 ж.). Бұл туралы бұрын да, Конституция қабылданбай тұрғанда да талай найза сынған.

Енді міне, Үкімет қамқор болғансып, қайта-қайта қаулы қабылдап жатыр. Болмайды. Құр әурешілік. Соңғы Конституцияның 7-ші бабы өзгермей, ештеңеде өзгермейді. «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми қазақ тілімен тең қолданылады» деп тұр ғой бұл бап ! Ал, енді құжатты орысша жазып отырған чиновникке барып: «Мұныңыз қалай?» деңізші, Конституцияның осы бабымен көзіңізді шұқып алсын.

Ал, не істейсің?

Осы бап иманға келіп, қайта түзетіліп жазылса, сонда ғана Мемлекеттік тілге деген қажеттілік артады. Бұл , тілге мән бермейтіндер тәубесіне келеді, үйрене бастайды.

Күшпен, зорлаумен ол құлықсыз болса, ешкімді үйрете алмайсың. Ал, Конституция алдында бәрі де басын иеді. Басқа жол жоқ!

Мәселе Парламентте. Ойлансын халық қалаулылары.

Шерхан МҰРТАЗА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: