Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темірден түйін түйеді

12.05.2023, 10:55 354

Тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған А. есімді сотталған азаматы – темірден түйін түйген шебер.

Ол – дәнекерлеуші. Темірді иіп, дәнекерлеп, мекеме қажеттілігіне пайдалы әртүрлі заттар жасап шығаруда.

Бұған дейін камереларға қажетті темір терезе жасаған болатын. Бұл жолы мекеменің қызметттік итіне арнап, ерекше ұя жасап шықты.

28 жастағы сотталған бұл ісімен бостандықта жүргенде айналысқан екен.

– Маған ҚР ҚК-нің 188- бабы бойынша айып тағылып, 3 жылға бас бостандығығынан айыру жазасы тағайындалған. Алғашқы рет сотты болғандықтан, жазамды осы тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде өтеп жүрмін.

Екі ұлым бар. Жанұямды асырау мақсатында, бостандықта жүргенде дәнекерлеуші болып, жақсы қаражат таптым. Бірақ, сол табысымды азсынып, ұрлық жасап, қылмыскер атандым.

9-сыныпты тамамдаған соң, Абылайхан колледжіне оқуға түсіп, дәнекерлеуші мамандығы бойынша диплом алған болатынмын. Енді міне, сол мамандық бойынша, жұмыс жасап, өзіме де, мекемеге де пайдамды тигізіп жүрмін.

Жақында итке арнап, темірді кесіп, иіп, дәнекерлей отырып, ұя жасадым. Ұяның ерекшелігі темір баспалдақтары бар. Бұл баспалдақ сотталғандарды айдауылдау кезінде тінту-тексеру үшін қызметттік иттердің арнайы көлікке (автозек) еркін мініп, түсуіне ығайлы етіп жасалған.

Мекеменің Режим қызметкерлерінің сұранысы бойынша, темір ұяны үш күнде бітірдім.

Еткен еңбегімді елеп, жасақ бастығы алғысын білдірді. Бұл мені одан ары жұмыс істеуіме ынталандырады.

Алдағы уақыттта жатахана алдындағы арнайы гүл өсіретін аумаққа арналған темір қоршау жасап, дәнекерлеймін – деп, жас жігіт өз жұмысына деген ынта-жігерінің аса зор екенін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: