Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Телехабар таратудың жаңа дәуірі

24.08.2022, 9:10 58

HALYQLINE.KZ Цифрлық хабар тарату – бұл жоғары сигнал беру жылдамдығы бар жаңа буын телевизиясы. Ол көптеген мүмкіндіктер мен қызметтерді ұсынады: көп арна, сурет пен дыбыстың ең жақсы сапасы, электрондық пошта, мультимедиялық қосымшалар, радио, хабарлардың батырманы басу арқылы көрсетілетін электронды бағдарламалары, субтитр тілін таңдау және басқа да көптеген жаңа нәрселер.

«Аналогтан» айырмашылығы, цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрермендерге шуыл мен бұрмалаусыз, ең шалғай елді мекендерге дейін бастапқы түрінде беріледі. Цифрлық телевизияға ауысқаннан кейін көрермендер хабарлардың жоқ боп кетуін, сапасы нашар сурет пен дыбысты ұмытатын болады.

Биылғы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ішінара жеті облыста: Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында «цифрға» көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Енді сіздерге сүйікті бағдарламаларыңызды жақсартылған сапада көру бұрынғыдан да оңай болады.

Цифрлық эфирлік телевизияны көруге арналған жабдықты қосу көп уақытты қажет етпейді және оған арнаулы дағды мен білім қажет емес. DVB-T2 стандартын қолдайтын жаңа теледидарда ЦЭТВ қабылдау үшін тек ДМВ диапазонды антенна керек. Біздің елде DVB-T2 қосылған теледидарлар 2012 жылдан кейін пайда бола бастады. Сондықтан, егер теледидарыңыз 2012 жылға дейін сатып алынған болса, онда T2-ні қолдауы екіталай, мұндай теледидар үшін антеннадан басқа DVB-T2 жалғама құралы қажет.

Қосылу туралы сұрақтармен Сіз біздің Call сenter-ге мына нөмірлер бойынша хабарласа аласыз: 8-8000-800-193 (ұялы телефоннан); 193 (өңірлік қоңыраулар үшін); 27-45-76 және 55-14-44 (Қызылорда облысының тұрғындары үшін).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: