Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістандағы тайқазан туралы 7 дерек

21.01.2023, 17:00 46

1) Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған.

2) Салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.

3) Қазан сыртындағы жазулардың екінші қатарындағы он сегіз рет қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөз де құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын деген мағынаны береді.

4) Қазан сыртындағы үш қатар жазулардың төменгі жағында орналасқан отызға жуық томпақтарды ғалымдар «Куббалар» дейді. Халық арасында болса, мұны «қазанның емшектері» деп атап кеткен.

5) Қазан сыртындағы жазулардың бірінші қатарында жазылған Құранның “Тәубе” сүресінің он тоғызыншы аятынан және Пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен оның суға арналғандығын аңғаруға болады. Аят: «Сендер, зияратшылардың шөлін қандырғанды, мешіттерді жөндеуді; Аллаға, ахирет күніне сеніп, және Алла жолында соғысқан кісі сияқты көресіңдер ме?» десе, хадисте «Айтты Пайғамбар (оған Алланың нұры жаусын): Алла жолында құдық қаздырып, мешіт салғандарға ол дүниеде Алла үлкен хауз орнатады» делінген.

6) Екінші қатардағы «Әлә, Әл-мүлки Лилла» деп «куфи» қолтаңбасымен жиырма рет қайталанып жазылған сөздің аудармасы: «Байқаңдар, Мүлік Алланыкі!» делінген.

7) 1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты музей Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана тарихи отанына қайтарылады. Бұл істе, мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтың сіңірген еңбегін айрықша атап өткен жөн.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: