Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарих қайталанып тұрады

14.06.2025, 9:00 197

HALYQLINE.KZ

1985 жылы сәуір айында билік басына келген М.С.Горбачев КПСС ОК мен СССР Министрлер Комитетінің Қаулысымен халық арасында «Құрғақ (Сухой) Заң» деп аталып кеткен заңды қабылдады. Барлық мекемеде Салауатты қоғам (Общество трезвости) құрыла бастады. Ол қоғамға барлығы мүше болып кіруге міндетті болды, оның ай сайынғы жарнапұлы бір сом екендігін білгенде, көп адам қарсы болды: «мен арақ ішпеймін, оның үстіне неге бір сом беремін?» деп. Сайланған қоғам төрағасы: «Ол ақшаға саламатты өмір салтын насихаттау үшін түрлі іс-шара өткізу үшін жұмсалады» деп ақталды. Қойшы бәрі қарсы болғасын, сол қоғам құрылмай-ақ қағаз жүзінде қалып қойды.

Сөйтсек, осындай «Общество трезвости» қоғамы ІІ Николай патшаның жарлығымен 1904 жылы да құрылған екен. Адамдарды қоғамға тарту үшін, қоғамның «Құрметті мүшесі» қылып ұлы жазушы Л.Н.Толстойды сайлайды. Бірінші болып сөз сөйлеу құрметі граф Толстойға беріледі, ол: «Арақ ішпеу үшін жиналмау керек. Енді бәріміз жиналып қалған екенбіз. Енді неге ішпеске!» дейді. Бұл Ресейдегі саламатты қоғамның алғашқы және соңғы мәжілісі  болып қалды.

Бұл оқиғаны орыс зиялы қауымы айтқысы келмей, ұлы жазушы оны айтуы мүмкін емес деп жоққа шығарғысы келеді. Олардың қолдағы басты айғағы 1890 жылы жарық көрген Л.Н.Толстойдың «Пора понять» деген брошюрасы шықты деген уәжін айтады. Онда жазушы арақтың зияны туралы жазды дейді.

Ол кітапты оқыған жоқпын, бірақ орыстың нәресте дүниеге келгеннен бастап, қайтыс болған адамды жерлегенге дейінгі дәстүрі орыс арағымен атқарылады. Ұлы жазушының ұлы Илья Львович Толстой (1866-1933) революцияға дейін 1916 жылы АҚШ-қа қоныс аударып кеткен болатын. Орыстың атақты балуаны Иван Поддубный 1926 жылы АҚШ-тың Калифорния штатына барғанда, осы Илья Толстойдың үйінде қонақта болады. Кең жайылған дастарқаннан тұрғаннан кейін, күші тасып бара жатқан Илья Толстой балуан Иван Поддубныймен күресемін деп қоймаған сәтін фотоға түсіріп алғандар да болды.

Фото ашық дереккөзден алынды, баласы әкесінен аумай-ақ қалған екен.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: