Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соғыстан түгел оралған Евдокияның 10 ұлы

09.05.2022, 15:00 493

HALYQLINE.KZ

Ағайынды 10 жігіттің соғысқа аттанып, барлығы аман-есен оралуы өте сирек кездесетін жағдай. Ағайынды Лысенколар Украинаның Черкасский облысындағы Бровахи ауылындығы ауқатты кулак отбасында дүниеге келді. Кәмпескілеу кезінде әкесінің кулак ретінде аман қалуы, Макар Лысенконың еңбекқорлығының арқасында және ешкімге қиянат жасамай байыған адам болғандықтан ауылдастары аман алып қалды. Колхозға өз еркімен кіріп, ұстахана ашты, құдық қазды, оның қазған құдығынан осы күнге дейін адамдар су ішіп отыр. Макар Лысенко 1940 жылы қайтыс болды.

Әйелі Евдокия Данилқызы 16 (!) бала туған, оның 5-еуі қыз, 11-і ұл болды. 1933 жылы бір ұлы тайгаға пайда табам деп кетіп, жоғалып кетті. Евдокия шамамен 1894 жылы дүниеге келген, соғыс басталғанда жасы 47-де болған. Соғысқа 10 ұлын аттандырып салған Евдокия ауылдастарымен бірге Сталиннің «жауға еш нәрсе қалмасын» деген бұйрығына сәйкес өздері егіп, піскелі тұрған бидай алқаптарын өртеп жіберді. Енді 10 ұлына келсек:

1. Феодосий Будапешт түбінде минаға жарылып аяқсыз оралды. 2. Михаил барлаушы болды, жараланып тұтқынға түскенмен қашып шықты. Бір шайқаста бір өзі фашистердің штабын жойып жіберді. Венгрия жерінде ауыр жараланып, елге кеудесі орденге толып келді. 3. Степан танкі өртенгенмен бір өзі аман қалды, ұзақ емделген соң, шығыстағы Жапонияны талқандауға қатысты. 4. Николай ең кіші ұлы 18-ге толғанда соғысқа аттанып, артиллерист болды, жау снаряды гаубица расчетіне дәл түсіп, 7 адамнан бір өзі аман қалғанмен мүгедек болып оралды. 5. Василий бауырлары ішінен офицер шенін алған бір өзі болды. 6. Александр мектепте нашар оқып, жазуы нашар болса да, Рейхстаг қабырғасына «Саша Лысенко» деп жазып оралды. 7. Андрей жаяу әскерде болды. 8. Иван Вена қаласы түбінде жараланып қайтты. 9. Петро ауыр жараланып ауруханада жатқанда хат жазбаған себебі, өздерінің облысы жау қол астында қалғандықтан, кеш хабарласып, анасының тірі екенін біліп алғасын үйіне қайтты. Ең соңынан Павел келіп терезе қаққанда ұлын танымай: «полон дом, мест нету, иди иди солдат» дегенде, Павел: «Мама» деп айқайлап жібергенде анасы мен баласы жылап көрісті. Жау қол астында болғандықтан, ол жылдары үйін іздеп келіп, орны да қалмағандықтан, уақытша тұруға пәтер іздеп жүргендердің бірі деп ойлап қалған болатын. Бауырлар да, бірін-бірі әрең таныды, соғыс оларды қартайтып жіберген болатын, 10 ұлдың 5-еуі мүгедек, 3-еуі жарақат алғандықтан денсаулығы онша мықты болмаса да елді қалпына келтіруге кірісіп кетті.

Көп ұзамай Лысенколар үйлене бастады, Евдокия Лысенко 10 ұлдан 36 немере, 70 шөбере сүйді. СССР Жоғары Кеңесінің шешімімен «Батыр ана» алтын медалін алды. Соғыс аяқталған соң 22 жылдан соң, 1967 жылы 73 жасында қайтыс болды.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: